"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Занының 27-бабына сәйкес және Денисов ауданы мемлекеттік бас ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушысының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 01-27/603 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов ауылдық округі Приречное ауылының аумағында мүйізді ірі қара малдың арасында сібір жарасы ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты белгіленген карантин тоқтатылсын.
2. Свердлов ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 3 шілдедегі № 5 "Карантин белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23292 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Свердлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағанынан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Свердлов ауылдық округінің әкімі | Г. Макаева |