Карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 3 шілдедегі № 5 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 3 шілдеде № 23292 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов ауылдық округі әкімінің 12.10.2021 № 8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Денисов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 28 маусымындағы № 01-27/423 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов ауылдық округі Приречное ауылының аумағында мүйізді ірі қара малдың сібір жарасы ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін.

      2. "Свердлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Свердов ауылдық округінің әкімі Г. Макаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады