Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 74-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жангелдин ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 мамырдағы № 51 "Қауымдық сервитут белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8433 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. "Жангелдин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы оның ресми жарияланғанынан кейін Жангелдин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жангелдин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жангелдин ауданының әкімі | Ш. Оспанов |