Жангелдин ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 мамырдағы № 51 "Қауымдық сервитут белгілеу туралы" қаулысын күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 23 қарашадағы № 170 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 30 қарашада № 25466 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 74-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жангелдин ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 мамырдағы № 51 "Қауымдық сервитут белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8433 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Жангелдин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы оның ресми жарияланғанынан кейін Жангелдин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жангелдин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жангелдин ауданының әкімі Ш. Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады