"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қарасу ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 16 қарашадағы № 01-24/383 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Қостанай облысы Қарасу ауданы Жалғысқан ауылының жеке секторы "Ященко" табынының аумағында ірі қара малдың арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Қостанай облысы Қарасу ауданы Жалғысқан ауылы әкімінің 2021 жылғы 7 шілдедегі № 2 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23534 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысы Қарасу ауданы Жалғысқан ауылының әкімі | С. Жаугашев |