"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 - бабына сәйкес Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Меңдіқара аудандық мәслихатының "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 20 қазандағы № 141 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7290 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Ж. Байбулатова |