Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Науырзым аудандық мәслихатының "Науырзым ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" 2020 жылғы 21 мамырдағы № 351 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9226 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Г. Абенова |