Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 31.08.2021 № 52 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 19-1-бабы 1), 2) тармақшаларына сәйкес Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Науырзым ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қоса беріліп отырған Науырзым ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы, аудандық мәслихаттың хатшысы | Г. Абенова |
Науырзым аудандық мәслихатының 2020 жылғы 21 мамырдағы № 351 шешіміне 1-қосымша |
Науырзым ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жинақталуының жылдық нормасы, м3 |
1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 0,70 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 0,75 | |
2 | Қонақ үйлер | 1 орын | 0,52 |
3 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,29 |
4 | Мекемелер, ұйымдар, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,05 |
5 | Емханалар | 1 келіп кету | 0,0013 |
6 | Ауруханалар | 1 төсек-орын | 0,65 |
7 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,16 |
8 | Мейрамханалар | 1 отыратын орын | 0,26 |
9 | Стадиондар | жоба бойынша 1 орын | 0,01 |
10 | Спорт залдары | жалпы алаңы 1м² | 0,14 |
11 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері | сауда алаңы 1м² | 0,20 |
12 | Дәріханалар | сауда алаңы 1м² | 0,14 |
13 | Автожанармай құю станциясы | 1 машина-орын | 3,3 |
14 | Тігін ательесі | жалпы алаңы 1м² | 0,10 |
15 | Моншалар | жалпы алаңы 1м² | 0,18 |
Ескерту:
м3 - текше метр;
м2 - шаршы метр.
Науырзым аудандық мәслихатының 2020 жылғы 21 мамырдағы № 351 шешіміне 2-қосымша |
Науырзым ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер
Атауы | 1 м3 арналған тариф (қосылған құн салығынсыз) (теңге)* | ||
Жинау және әкету | Көму | Барлығы | |
Жеке және заңды тұлғалар (1м3 үшін) | 1 363,49 | 1 030,16 | 2 394 |
Ескерту:
м3 - текше метр;
*қоршаған ортаға эмиссия төлемінсіз.