"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Науырзым аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 4 мамырдағы № 01-20/129 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Қостанай облысы Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі Қарамеңді ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын:
Қарамеңді ауылы мына мекенжайлар бойынша: Уәлиханов көшесі, 10 үй, 1 пәтер, М.Сүгір ұлы көшесі, 2В үй, Уәлиханов көшесі, 7 үй, 1 пәтер, Уәлиханов көшесі, 10 үй, 2 пәтер, Автомобилистер көшесі, 23 үй, 1 пәтер, Амангелді көшесі, 61 үй, Амангелді көшесі, 60 үй, Победы көшесі, 22 үй, 1 пәтер.
2. Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 3 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9724 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешім Казақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарамеңді ауылдық округінің әкімі | С. Байдильдинов |