"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Науырзым аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 15 маусымдағы № 01-20/179 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Қостанай облысы Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі Қарамеңді ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын:
Қарамеңді ауылы мына мекенжайлар бойынша: Абай көшесі, 39 үй, 1 пәтер, Б.Момыш ұлы көшесі, 3 үй, 1 пәтер, Чапаев көшесі, 24 үй, 1 пәтер, Б.Момыш ұлы көшесі, 6 үй, М.Сүгір ұлы көшесі, 21 үй, 1 пәтер, Байтұрсынов көшесі, 4 үй, 2 пәтер, Чапаев көшесі, 21 үй, 1 пәтер, Транспортный көшесі, 6 үй, 1 пәтер, Автомобилистер көшесі, 3 үй, 1 пәтер, Амангелді көшесі, 4 үй, Уәлиханов көшесі, 1 үй, 2 пәтер, Байтұрсынов көшесі, 6 үй, Алтынсарин көшесі, 3 үй, 2 пәтер, Карбышев көшесі, 3 үй, Баймағамбетов көшесі, 21 үй, 3 пәтер, Гагарин көшесі, 15 үй, 1 пәтер, Карбышев көшесі, 16 үй, Амангелді көшесі, 57 үй, 1 пәтер, Чапаев көшесі, 16 үй, 2 пәтер, Баймағамбетов көшесі, 15 үй, 1 пәтер, Б.Момыш ұлы көшесі, 14 үй, 1 пәтер, Парковая көшесі, 8 үй, 1 пәтер, Сатпаев көшесі, 10 үй, 1 пәтер, Уәлиханова көшесі, 13 үй, Мәметова көшесі, 1 үй, Абай көшесі, 7 үй, Строительная көшесі, 1 үй, 2 пәтер, Майлин көшесі, 3 үй, 2 пәтер, Транспортный көшесі, 4 үй, 2 пәтер, Воровского көшесі, 3 үй, Казбек Би көшесі, 37 үй, 1 пәтер, Воровского көшесі, 4А үй, 2 пәтер, Б.Момыш ұлы көшесі, 5 үй, 1 пәтер, Пионер көшесі, 2 үй, 2 пәтер, Байтұрсынов көшесі, 4 үй, 1 пәтер, Автомобилистер көшесі, 11 үй, 1 пәтер, Абылай Хан көшесі, 52 үй, 2 пәтер, Амангелді көшесі, 41 үй, 2 пәтер, Амангелді көшесі, 27 үй, 1 пәтер.
2. Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 12 қаңтардағы № 2 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9712 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешім Казақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарамеңді ауылдық округінің әкімі | С. Байдильдинов |