Павлодар облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік саяси қызметшілеріне, "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 2 наурыздағы № 67/3 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 18 наурызда № 7228 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 30-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актiлер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Павлодар облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік саяси қызметшілеріне, "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидалары және оның сипаттамасы бекітілсін.

      2. Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы "Павлодар облысының облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" № 13/2 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5386 болып тіркелген, 2017 жылғы 3 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Павлодар облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Н.Ш. Дүйсенбиновке жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысының әкімі А. Скаков

  Павлодар облысы әкімдігінің
2021 жылғы 2 наурыздағы
№ 67/3 қаулысымен
бекітілген

Павлодар облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік саяси қызметшілеріне, "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидалары және оның сипаттамасы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Павлодар облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік саяси қызметшілеріне, "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидалары және оның сипаттамасы (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 30-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді және Павлодар облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік саяси қызметшілеріне, "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру тәртібін және оның сипаттамасын белгілейді.

      2. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі – қызметтік куәлік) оның мемлекеттік лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат болып табылады.

      3. Тиісінше ресімделмеген, жарамдылық мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған куәлік жарамсыз болып саналады.

2-тарау. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

      4. Қызметтік куәлік облыс әкімінің бірінші орынбасарына және орынбасарларына, облыс әкімі аппаратының басшысына, қалалар мен аудандар әкімдеріне облыс әкімінің қолы қойылып беріледі.

      5. Қызметтік куәлік мемлекеттік қызметшіге лауазымға тағайындалған кезде, сондай-ақ, лауазымы ауысқан, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) өзгерген, бұған дейін берілген куәліктің қолданылу мерзімі өткен, жоғалған, бүлінген жағдайларда беріледі.

      Қызметтік куәлік 3 жыл мерзімге беріледі.

      Мемлекеттік қызметшілер алған қызметтік куәлік үшін осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметшілерге қызметтік куәліктерді беруді, қайтаруды есепке алу журналына қол қояды (бұдан әрі – есепке алу журналы).

      6. Персоналды басқару қызметінің қызметкері мемлекеттік қызметшіге қызметтік куәлікті тапсырған кезде пайдалану және оны сақтау тәртібі бойынша ауызша түсіндіру жүргізеді.

      Осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген жағдайларда қызметтік куәлікті ауыстыру кезінде бұрын берілген қызметтік куәлікті персоналды басқару қызметінің қызметтік куәлікті беруге жауапты қызметкері қайтарып алады.

      7. Қызметтік куәліктерді толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды персоналды басқару қызметінің басшысы жүзеге асырады.

      8. Қызметтік куәлік жоғалған жағдайда оның иесі персоналды басқару қызметіне жазбаша нысанда (еркін түрде) дереу хабарлайды.

      9. Жұмыстан босатылған кезде мемлекеттік қызметші соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей қызметтік куәлікті персоналды басқару қызметіне тапсырады.

      10. Мемлекеттік қызметшімен жұмыстан босатылған не бүлінген кезде тапсырылған қызметтік куәлікті жою туралы акт жасала отырып, жылда бір рет жойылуға жатады.

3-тарау. Қызметтік куәліктің сипаттамасы

      11. Қызметтік куәліктің мұқабасы қара көк түсті. Қызметтік куәлік мұқабасының көлемі ашылған түрінде – 65х190 миллиметр болады.

      Қызметтік куәліктің сырт жағының ортасында алтын түсті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының (бұдан әрі – елтаңба) бейнесі орналасқан, елтаңбадан төмен мемлекеттік және орыс тілдерінде алтын түсті "КУӘЛІК" деген жазу орналасқан.

      Қызметтік куәліктің ішкі жағы екі жапсырмадан тұрады. Әрбір жапсырманың көлемі – 60х88 миллиметр. Куәліктің жапсырмалары ашық көгілдір түсте жасалады.

      Жапсырмаларда белгіленген үлгідегі шеңберде күн мен самғаған қыранның жасырын нысанын пайдалана отырып, қорғаныс тангирі бейнеленген.

      Қызметтік куәліктің сол жақ жапсырмасының жоғарғы бөлігінде мемлекеттік тілде "ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ" деген жазу орналасқан. Жазу астында төменге қарай мемлекеттік тілде қызметтік куәлік нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атқаратын лауазымы және қызметтік куәліктің қолданылу мерзімі көрсетіледі.

      Сол жақ жапсырманың сол жақ бөлігінде жазудан төмен жиектеме бейнеленген. Жиектеме ортасында елтаңба бейнеленген, елтаңба бейнесінің астында мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу орналасқан.

      Қызметтік куәліктің оң жақ жапсырманың жоғарғы бөлігінде орыс тілінде "АКИМАТ ПАВЛОДАРСКОЙ ОБЛАСТИ" деген жазу орналасқан. Жазу астында төменге қарай орыс тілінде қызметтік куәлік нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атқаратын лауазымы көрсетіледі, облыс әкімінің немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның қолымен және елтаңбалық мөрмен бекітіледі.

      Оң жақ жапсырманың сол жақ бөлігінде жазудан төмен көлемі 30x40 миллиметр фотосурет үшін жиектеме бейнеленген.

  Павлодар облысы жергілікті
атқарушы органдарының
мемлекеттік
саяси қызметшілеріне, "А"
корпусының
мемлекеттік әкімшілік
қызметшілеріне
қызметтік куәлік беру
қағидалары және
оның сипаттамасына
қосымша

Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік куәліктерді беруді, қайтаруды есепке алу журналы

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Атқаратын лауазымы

Куәлік №

Берілген күні

Куәлік берілген тұлғаның қолы

Тапсыру күні

Куәлікті тапсырған тұлғаның қолы

Жою актісінің № және күні














































      Ескертпе: журнал тігілген, нөмірленген, мөрмен бекітілген болуы тиіс.

Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения политическим государственным служащим, административным государственным служащим корпуса "А" местных исполнительных органов Павлодарской области и его описание

Постановление акимата Павлодарской области от 2 марта 2021 года № 67/3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 18 марта 2021 года № 7228

      В соответствии с пунктом 4 статьи 30 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан", подпунктом 4) пункта 2 статьи 46 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" акимат Павлодарской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила выдачи служебного удостоверения политическим государственным служащим, административным государственным служащим корпуса "А" местных исполнительных органов Павлодарской области и его описание.

      2. Признать утратившим силу постановление акимата Павлодарской области от 31 января 2017 года № 13/2 "Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственным служащим местных исполнительных органов, финансируемых из областного, городского и районного бюджетов Павлодарской области и его описание" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5386, опубликовано 3 марта 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде).

      3. Государственному учреждению "Аппарат акима Павлодарской области" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;

      размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Павлодарской области.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима области Дюсимбинова Н.Ш.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Павлодарской области А. Скаков

  Утверждены
постановлением акимата
Павлодарской области
от 2 марта 2021 года
№ 67/3

Правила выдачи служебного удостоверения политическим государственным
служащим, административным государственным служащим корпуса "А" местных
исполнительных органов Павлодарской области и его описание

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила выдачи служебного удостоверения политическим государственным служащим, административным государственным служащим корпуса "А" местных исполнительных органов Павлодарской области и его описание (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 4 статьи 30 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан" и определяют порядок выдачи служебного удостоверения политическим государственным служащим, административным государственным служащим корпуса "А" местных исполнительных органов Павлодарской области (далее – государственные служащие) и его описание.

      2. Служебное удостоверение государственного служащего (далее – служебное удостоверение) является документом, подтверждающим его государственную должность и должностные полномочия.

      3. Удостоверение без соответствующего оформления, с истекшим сроком действия, помарками и подчистками считается недействительным.

Глава 2. Порядок выдачи служебного удостоверения

      4. Служебное удостоверение выдается за подписью акима области первому заместителю и заместителям акима области, руководителю аппарата акима области, акимам городов и районов.

      5. Служебное удостоверение выдается государственному служащему при назначении на должность, а также в случаях изменения должности, смене фамилии, имени, отчества (при наличии), истечения срока действия, утери, порчи ранее выданного удостоверения.

      Служебное удостоверение выдается сроком на 3 года.

      За полученное служебное удостоверение государственные служащие расписываются в журнале учета выдачи, возврата служебных удостоверений государственных служащих (далее – журнал учета) по форме согласно приложению к настоящим Правилам.

      6. При вручении служебного удостоверения государственному служащему работник службы управления персоналом проводит устные разъяснения по его пользованию и порядку его хранения.

      При замене служебного удостоверения в случаях, предусмотренных пунктом 5 настоящих Правил, ранее выданное служебное удостоверение изымается сотрудником службы управления персоналом, ответственным за выдачу служебного удостоверения.

      7. Общий контроль за порядком заполнения, оформления, учета, выдачи, хранения и уничтожения служебных удостоверений осуществляет руководитель службы управления персоналом.

      8. В случае утери служебного удостоверения его владелец незамедлительно извещает в письменной (произвольной) форме службу управления персоналом.

      9. При увольнении государственный служащий сдает служебное удостоверение в службу управления персоналом не позднее последнего рабочего дня.

      10. Служебное удостоверение, сданное государственным служащим при увольнении либо порче, один раз в год подлежит уничтожению с составлением акта об уничтожении.

Глава 3. Описание служебного удостоверения

      11. Обложка служебного удостоверения темно-синего цвета. В развернутом виде обложка служебного удостоверения имеет размер – 65х190 миллиметра.

      На лицевой стороне служебного удостоверения по центру в золотом цвете размещено изображение Государственного Герба Республики Казахстан (далее – герб), ниже герба на государственном и русском языках в золотом цвете размещена надпись "УДОСТОВЕРЕНИЕ".

      Внутренняя сторона служебного удостоверения состоит из двух вкладышей. Размер каждого вкладыша – 60х88 миллиметра. Вкладыши удостоверения выполняются в светло-голубом цвете.

      На вкладышах изображен защитный тангир с использованием скрытой формы солнца и парящего орла в круге установленного образца.

      В верхней части левого вкладыша служебного удостоверения на государственном языке размещена надпись "ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ". Под надписью по ниспадающей указываются номер служебного удостоверения, фамилия, имя, отчество (при наличии), занимаемая должность и срок действия служебного удостоверения на государственном языке.

      В левой части левого вкладыша ниже надписи изображена рамка. В центре рамки изображен герб, под изображением герба размещена надпись на государственном языке "ҚАЗАҚСТАН".

      В верхней части правого вкладыша служебного удостоверения на русском языке размещена надпись "АКИМАТ ПАВЛОДАРСКОЙ ОБЛАСТИ". Под надписью по ниспадающей указываются номер удостоверения, фамилия, имя, отчество (при наличии), занимаемая должность на русском языке, заверяется подписью акима области или лицом, исполняющим его обязанности, и гербовой печатью.

      В левой части правого вкладыша ниже надписи изображена рамка для фотографий размером – 30х40 миллиметра.

  Приложение
к Правилам выдачи служебного
удостоверения политическим
государственным служащим и
административным
государственным
служащим корпуса "А" местных
исполнительных органов
Павлодарской области и его
описание

Журнал учета выдачи, возврата служебных удостоверений государственных служащих

№ п/п

Фамилия, имя, отчество (при наличии)

Занимаемая должность

№ удостоверения

Дата выдачи

Подпись лица, кому выдано

Дата сдачи

Подпись лица, кто сдал удостоверение

№ и дата акта об уничтожении














































      Примечание: журнал должен быть прошнурован, пронумерован, скреплен печатью.