Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Павлодар облыстық мәслихатының "Павлодар қаласы аймақтарының түзету коэффициенттері мен шекаралары туралы" 2010 жылғы 4 маусымдағы № 290/25 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3167 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Павлодар қаласындағы бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы";
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Павлодар қаласының бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.";
көрсетілген шешімнің 1, 2 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы | Е. Айткенов |
Павлодар облыстық мәслихатының 2021 жылғы 26 қарашадағы № 86/8 шешіміне 1-қосымша |
|
Павлодар облыстық мәслихатының 2010 жылғы 4 маусымдағы № 290/25 шешіміне 1-қосымша |
Павлодар қаласының бағалау аймағының шекаралары
Павлодар облыстық мәслихатының 2021 жылғы 26 қарашадағы № 86/8 шешіміне 2-қосымша |
|
Павлодар облыстық мәслихатының 2010 жылғы 4 маусымдағы № 290/25 шешіміне 2-қосымша |
Павлодар қаласында жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
№ | Аймақ нөмірі | Түзету коэффициенттері |
1 | I | 2,0 |
2 | II | 1,8 |
3 | III | 1,6 |
4 | IV | 1,4 |
5 | V | 1,2 |
6 | VI | 1,0 |
7 | VII | 0,9 |
8 | VIII | 0,8 |
9 | IX | 0,7 |
10 | X | 0,6 |
11 | XI | 0,5 |