Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Павлодар облыстық мәслихатының "Павлодар облысында жылу беру маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 14 маусымдағы № 352/31 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6450 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) Павлодар облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Павлодар облысында жылу беру маусымына дайындық және оны өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы", "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Электр энергетикасы туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы "Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" № 211 бұйрығына (бұдан әрі – Жылу энергиясын пайдалану қағидалары), Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі "Жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын бекіту туралы" № 331 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы "Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" № 90 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 29 сәуірдегі "Коммуналдық көрсетілетін қызметтердің тізбесін және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 249 бұйрығына сәйкес әзірленді және Павлодар облысында жылу беру маусымына дайындық және оны өткізу тәртібін анықтайды.";
2) Қағидалардың 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) кондоминиум объектісі – көп пәтерлі тұрғын үй астындағы бірыңғай бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй маңындағы жер учаскесін қоса алғанда, жеке (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан және дара (бөлек) меншікте бола алмайтын және ортақ үлестік меншік құқығындағы пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне тиесілі ортақ мүліктен тұратын бірыңғай мүліктік кешен;";
"2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық пайдалану, санитариялық күтіп-ұстау және ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер кешені;";
"3) сервистік қызмет субъектісі – жасалған шарт негізінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі қызметтерді көрсететін жеке немесе заңды тұлға;"
"4) тұтынушы – коммуналдық қызметтерді пайдаланатын немесе пайдалануға ниетті жеке немесе заңды тұлға;";
"5) жылумен жабдықтау жүйесі – жылу өндіретін, жылу беретін және жылу тұтынатын қондырғылардан тұратын кешен;";
"6) теңгерімдік тиесілік және пайдалану жауапкершілігінің шекарасы – энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен тұтынушылар арасындағы, сондай-ақ тұтынушылар мен қосалқы тұтынушылар арасындағы жылу желісінің теңгерімдік тиесілігі бойынша айқындалатын және тараптардың пайдалану жауапкершілігін белгілейтін жылу желісін бөлу нүктесі;";
"7) энергиямен жабдықтаушы ұйым – сатып алынған электр және (немесе) жылу энергиясын тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын ұйым;";
"8) энергия беруші ұйым – шарттар негізінде электр немесе жылу энергиясын беру бойынша қызмет көрсететін ұйым;";
"9) әзірлік паспорты – энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығын растайтын жыл сайын берілетін құжат;";
"10) температуралық кесте – энергия беруші ұйым жасаған және жергілікті атқарушы органмен келісілген тұтынушыны есепке алу торабындағы сыртқы ауа температурасына байланысты жылу жеткізгіш температурасының өзгеру кестесі.";
3) Қағидалардың 14-тармағының бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"14. Үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативтері, мүлік меншік иелері бірлестігінің төрағасы немесе жай серіктестіктің сенім білдірілген адамы не көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания (бұдан әрі – Меншік иесінің уәкілетті тұлғасы):";
4) Қағидалардың 15-тармағының бірінші абзацы алынып тасталсын;
5) Қағидалардың 28-тармағының бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"28. Көп пәтерлі тұрғын үйді жылу беру маусымына дайындау жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары:";
6) Қағидалардың мәтін бойынша "басқару органы" деген сөздер "Меншік иесінің уәкілетті тұлғасы" деген сөздермен ауыстырылсын, "Басқару органы" деген сөздер "Меншік иесінің уәкілетті тұлғасы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы | Е. Айткенов |