Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27- бабына сәйкес және жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың толық жойылуына байланысты, Павлодар қаласының әкімі ШЕШТІ:
1. Павлодар қаласы әкімінің 2018 жылғы 05 қазандағы "Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 13 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6080 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің аппарат басшысы Е. Б. Иманзаиповқа жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар қаласының әкімі | А. Байханов |