Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына 27-бабына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақсу қалалық мәслихатының "Сот шешімімен Ақсу қаласының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 27 ақпандағы № 176/22 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5892 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақсу қалалық мәслихатының хатшысы | М. Омаргалиев |