Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10–1- бабы 8) тармақшасына, Ақсу қаласы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2021 жылғы 6 қазандағы № 2-19/495 ұсынысына сәйкес, ШЕШТІМ:
1. Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің Мәмәйіт Омаров атындағы ауылының: Ақжол, М. Омаров, Ақсу көшелері аумағында ірі қара малдардың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс - шараларды жүргізумен байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 29 маусымдағы "Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің Мәмәйіт Омаров атындағы ауылының Ақжол, М. Омаров, Ақсу көшелері аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-03/5 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23355 болып тіркелген).
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің әкімі | Б. Сукер |