Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің Мәмәйіт Омаров атындағы ауылының Ақжол, М.Омаров, Ақсу көшелеріне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалаcы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 29 маусымдағы № 1-03/5 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 8 шілдеде № 23355 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалаcы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 16 қарашадағы № 1-03/9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалаcы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі әкімінің 16.11.2021 № 1-03/9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 35-бабының 2- тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңы 10-1-бабының 7) тармақшасына, Ақсу қаласы бас мемлекеттік ветеренариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 12 мамырдың № 2-19/227 ұсынысына сәйкес, Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің Мәмәйіт Омаров атындағы ауылының: Ақжол, М.Омаров, Ақсу көшелеріне ірі қара малдардың бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс- шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің әкімі Б. Сукер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады