Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 10-3-бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2021 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері бір шаршы метр үшін 23 (жиырма үш) теңге сомасында бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қалалық мәслихатының хатшысы | Б. Куспеков |