Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Железин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 30 қазандағы № 1-13/353 ұсынысы негізінде, Озерный ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Железин ауданы Озерный ауылдық округінің Озерное ауылының аумағында жоғары патогенді құс тұмауын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген карантин тоқтатылсын.
2. Железин ауданы Озерный ауылдық округі әкімнің 2020 жылғы 1 қазандағы "Железин ауданы Озерный ауылдық округі Озерное ауылының аумағында карантин белгілеу туралы" № 8 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6971 болып тіркелген, 2020 жылғы 2 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрде эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Озерный ауылдық округінің әкімі | К. Абулгазинова |