Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 22.05.2024 № 74-21-8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 2314 қаулысына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ертіс ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Ертіс аудандық мәслихатының 2017 жылғы 2 маусымдағы "Ертіс ауданының аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" № 61-16-6 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5544 болып тіркелген, 2017 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ертіс аудандық мәслихатының бюджет, әлеуметтік саясат және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ертіс аудандық мәслихатының сессия төрағасы | И. Айтимбетова |
Ертіс аудандық мәслихатының хатшысы | Б. Шингисов |
Ертіс аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 21-4-7 шешіміне қосымша |
Ертіс ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі
1 - тарау. Жалпы ережелер
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Ертіс ауданының аумағындағы тұрақты тіркелген және тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
2. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындауды уәкілетті орган "Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері
3. Коммуналдық қызметтерді төлеуге берілетін тұрғын үй көмегінің ең төменгі мөлшері айлық есептік көрсеткіш шамасынан 1,5 (бір бүтін оннан бес) құрайды.
4. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі нормаларға сәйкес жүргізіледі:
- жалғыз тұратын азаматтар үшін - тұрғын үйдің жалпы алаңынан 30 (отыз) шаршы метр;
- 2 және одан да көп адамнан тұратын отбасылар үшін – тұрғын үйдің жалпы алаңынан бір адамға 18 (он сегіз) шаршы метр.
Электр энергиясын тұтыну нормасы электр плиталарын пайдаланатын тұтынушылар үшін – бір адамға айына 110 (жүз он) киловатт мөлшерінде белгіленсін;
электр плиталарын пайдаланбайтын тұтынушылар үшін - бір адамға айына 90 (тоқсан) киловатт.
Газ тұтыну нормасы айына бір отбасына он килограмм болып белгіленсін.
5. Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде отбасының жиынтық табысының үлесі шығыстардан 500 (бес жүз) теңгеден 0 (нөл) теңгеге дейін асқан жағдайда, коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметтерін тұтыну төлеміне, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлеміне ағымдағы қаржы жылында бір реттен артық емес, айына 1,5 (бір бүтін оннан бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тұрғын үй көмегі тағайындалсын.
3 - тарау. Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі
6. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанда құжаттарды тапсыру уақытына қарамастан өткен тоқсанның тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге кеткен жиынтық кіріс пен шығыстар бойынша бір тоқсан мерзімге тағайындалады.
7. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) айына кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтерді мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға арналған шекті жол берілетін шығыстар үлесі, табысы аз отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 5 (бес) пайызы мөлшерінде айқындалады.
8. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер арқылы өтініш берушілердің жеке шоттарына жүзеге асырады.