Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Ертіс ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ертіс ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 354/7 "Ертіс ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5295 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ертіс ауданы әкімінің орынбасары Н.М.Жүсіповке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ертіс ауданының әкімі | А. Бейсекин |