Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Сот шешімімен Качир ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" Качир аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 2/23 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5809 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тереңкөл аудандық мәслихатының хатшысы | С. Баяндинов |