Тереңкөл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 1/68 "Тереңкөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 7 қыркүйектегі № 5/9 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 17 қыркүйекте № 24407 болып тіркелді

      Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Тереңкөл аудандық мәслихатының "Тереңкөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 1/68 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7168 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері бойынша";

      көрсетілген шешімнің 1, 2 қосымшалары жаңа редакцияда осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тереңкөл аудандық мәслихатының хатшысы С. Баяндинов

  Тереңкөл аудандық
  мәслихатының
  2021 жылғы 7 қыркүйектегі
  № 5/9 шешіміне
  1- қосымша
  Тереңкөл аудандық
  мәслихатының
  2021 жылғы 8 қаңтардағы
  № 1/68 шешіміне
  1 - қосымша

Тереңкөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

      Тереңкөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:

      1. Тереңкөл ауылы, Жағажай, Елгин көшесі 147.

      2. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты:

      Тереңкөл ауылы, Тәуелсіздік көшесі, Панфилов көшесінен Елгин көшесіне дейін.

  Тереңкөл аудандық
  мәслихатының
  2021 жылғы "7" қыркүйектегі
  № 5/9 шешіміне
  2 - қосымша
  Тереңкөл аудандық
  мәслихатының
  2021 жылғы 8 қаңтардағы
  № 1/68 шешіміне
  2 - қосымша

Тереңкөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Тереңкөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.

      2. Арнайы орындар санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.

      3. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

      4. Тереңкөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:

      1) Тереңкөл ауылы, Жағажай, Елгин көшесі 147, шекті толу нормасы 250 адам;

      2) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Тереңкөл ауылы, Тәуелсіздік көшесі, Панфилов көшесінен Елгин көшесіне дейін, шекті толу нормасы 250 адам.

      5. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.

      6. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      7. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.

      8. Бір қатысушы өткізетін пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.

      9. Бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Тереңкөл ауданының жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.

  Тереңкөл аудандық
  мәслихатының
  2021 жылғы "7" қыркүйектегі
  № 5/9 шешіміне
  3- қосымша

Тереңкөл ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Тереңкөл ауданының аумағында іргелес аумақтардың шекарасына 400 метрден жақын жерде пикет өткізуге жол берілмейтін:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтардатыйым салынады.

О внесении изменений в решение маслихата района Тереңкөл от 8 января 2021 года № 1/68 "Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, норм их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в районе Тереңкөл"

Решение маслихата района Тереңкөл Павлодарской области от 7 сентября 2021 года № 5/9. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 сентября 2021 года № 24407

      Маслихат района Тереңкөл РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата района Тереңкөл Павлодарской области "Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, норм их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в районе Тереңкөл" от 8 января 2021 года № 1/68 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7168), следующие изменения:

      заголовок указанного решения изложить в новой редакции:

      "О некоторых вопросах проведения мирных собраний";

      приложения 1, 2 к указанному решению изложить в новой редакции согласно приложения 1, 2, 3 к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь маслихата района Тереңкөл С. Баяндинов

  Приложение 1
к решению маслихата
района Тереңкөл
от 7 сентября 2021 года
№ 5/9
  Приложение 1
к решению маслихата
района Тереңкөл
от 8 января 2021 года
№ 1/68

Специализированные места для организации и проведения мирных собраний в районе Тереңкөл

      Специализированное место для организации и проведения мирных собраний в районе Тереңкөл:

      1. Село Теренколь, Набережная, улица Елгина 147.

      2. Маршрут следования для проведения мирных собраний:

      село Теренколь, улица Тәуелсіздік, от улицы Панфилова до улицы Елгина.

  Приложение 2
  к решению маслихата
района Тереңкөл
от "7" сентября 2021 года
№ 5/9
  Приложение 2
к решению маслихата
района Тереңкөл
от 8 января 2021 года
№ 1/68

Порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в районеТереңкөл

      1. Настоящий порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в районе Тереңкөл разработан в соответствии с Законом Республики Казахстан "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан" (далее – Закон).

      2. Специализированные места используются с соблюдением санитарных норм и правил пожарной безопасности. Допускается проведение мирных собраний в случае отсутствия информации о проведении в специализированных местах других запланированных официальных, культурных, зрелищных культурно-массовых, физкультурно-оздоровительных, спортивных и иных мероприятий, осуществлении строительно-монтажных работ.

      3. Материально-техническое и организационное обеспечение проведения мирных собраний осуществляется их организатором и участниками за счет собственных средств, а также за счет средств и имущества, собранных и (или) переданных для проведения данных мирных собраний, если Законом и иными законами Республики Казахстан не установлено иное.

      4. Нормы предельной заполняемости специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в районеТереңкөл:

      1) село Теренколь, Набережная, улица Елгина 147, норма предельной заполняемости 250 человек;

      2) маршрут следования для проведения мирных собраний: село Теренколь, улица Тәуелсіздік, от улицы Панфилова до улицы Елгина, норма предельной заполняемости 250 человек.

      5. Не допускается установление юрт, палаток, иных сооружений в специализированных местах для организации и проведения мирных собраний без согласия местного исполнительного органа.

      6. В случае, если на проведение мирного собрания в одном и том же месте и (или) по одному и тому же маршруту следования либо в одно и то же время одновременно претендует несколько организаторов мирных собраний, очередность использования указанного места определяется местным исполнительным органом исходя из времени получения им соответствующего уведомления или заявления от организатора мирных собраний.

      7. Минимальное допустимое расстояние между лицами, принимающими участие в мирном собрании, кроме пикетирования, составляет не менее двух метров, в целях сохранения социальной дистанции.

      8. Минимальное допустимое расстояние между лицами, осуществляющими пикетирование, проводимое одним участником, составляет не менее 100 метров.

      9. Мирные собрания не могут начинаться ранее 9 часов и заканчиваться позднее 20 часов по местному времени района Тереңкөл в день проведения мирных собраний.

  Приложение 3
  к решению маслихата
района Тереңкөл
от "7" сентября 2021 года
№ 5/9

Границы прилегающих территорий, в которых не допускается проведение пикетирования в районе Тереңкөл

      На территории района Тереңкөл не допускается проведение пикетирования ближе 400 метров от границы прилегающих территорий:

      1) в местах массовых захоронений;

      2) на объектах железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта и прилегающих к ним территориях;

      3) на территориях, прилегающих к организациям, обеспечивающим обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения;

      4) на территориях, прилегающих к опасным производственным объектам и иным объектам, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      5) на магистральных железнодорожных сетях, магистральных трубопроводах, национальной электрической сети, магистральных линиях связи и прилегающих к ним территориях.