Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің 11.05.2021 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және Тереңкөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 1-13/15 ұсынысы негізінде, Тереңкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округінің Тереңкөл ауылының келесі көшелеріндегі жануарларда құтыру ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін:
Гагарин көшесі бойынша № 51, № 52, № 53, № 54, № 55, № 56, № 57, № 58, № 59, № 60, № 61, № 62, № 63, № 64, № 65, № 66, № 67, № 68, № 69, № 70 үйлер;
Михаил Максимович Катаев көшесі бойынша.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тереңкөл ауылдық округінің әкімі | А. Мангутов |