Шектеу іс-шараларын тоқтату және Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 18 ақпандағы "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 13 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 11 сәуірдегі № 25 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 12 мамырда № 7280 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Тереңкөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 30 наурыздағы № 2-19/94 ұсынысы негізінде, Тереңкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жануарлардың құтыру ауруының жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шараларын жұргізілуіне байланысты, Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округінің Тереңкөл ауылының келесі көшелерінде:

      Гагарин көшесі бойынша № 51, № 52, № 53, № 54, № 55, № 56, № 57, № 58, № 59, № 60, № 61, № 62, № 63, № 64, № 65, № 66, № 67, № 68, № 69, № 70 үйлер;

      Михаил Максимович Катаев көшесі бойынша белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 18 ақпандағы "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 13 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7217 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Тереңкөл ауылдық округінің әкімі А. Мангутов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады