Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Тереңкөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 30 наурыздағы № 2-19/94 ұсынысы негізінде, Тереңкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жануарлардың құтыру ауруының жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шараларын жұргізілуіне байланысты, Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округінің Тереңкөл ауылының келесі көшелерінде:
Гагарин көшесі бойынша № 51, № 52, № 53, № 54, № 55, № 56, № 57, № 58, № 59, № 60, № 61, № 62, № 63, № 64, № 65, № 66, № 67, № 68, № 69, № 70 үйлер;
Михаил Максимович Катаев көшесі бойынша белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 18 ақпандағы "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 13 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7217 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тереңкөл ауылдық округінің әкімі | А. Мангутов |