Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Тереңкөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 2-19/344 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Тереңкөл ауданы Байқоныс ауылдық округі Тілеубай ауылының аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Тереңкөл ауданы Байқоныс ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі "Тереңкөл ауданы Байқоныс ауылдық округі Тілеубай ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-11/07 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24298 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Байқоныс ауылдық округінің әкімі | Д. Молдагельдинов |