Шектеу іс-шараларын тоқтату және Тереңкөл ауданы Байқоныс ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі "Тереңкөл ауданы Байқоныс ауылдық округі Тілеубай ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-11/07 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Тереңкөл ауданы Байқоңыс ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 1-11/11 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 29 желтоқсанда № 26214

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Тереңкөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 2-19/344 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Тереңкөл ауданы Байқоныс ауылдық округі Тілеубай ауылының аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Тереңкөл ауданы Байқоныс ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі "Тереңкөл ауданы Байқоныс ауылдық округі Тілеубай ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-11/07 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24298 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Байқоныс ауылдық округінің әкімі Д. Молдагельдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады