Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 8-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 510-бабының 1-тармағына сәйкес, Аққулы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Аққулы ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Аққулы ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасының (схемасының) негізінде жер салығының базалық мөлшерлемелерінен жер салығы мөлшерлемелері арттырылсын.
Ескерту. 2-тармақ 01.01.2022 бастап қолданыcқа енгізіледі - осы шешімнің 4-тармағымен.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының агроөнеркәсіптік кешені, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармақты қоспағанда, оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, Аққулы аудандық | |
мәслихатының хатшысы | К. Есимов |
Аққулы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 21/3 шешіміне 1-қосымша |
Аққулы ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы
(схемасы)
Аққулы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 21/3 шешіміне 2-қосымша |
Аққулы ауданының жер салығының мөлшерлемелері
Жердің орналасу аймақтары | Арттыру пайызы |
Аққулы ауылдық округі | |
1 | 50% |
Баймолдин ауылдық округі | |
1 | 50% |
Жамбыл ауылдық округі | |
1 | 50% |
Қызылағаш ауылдық округі | |
1 | 50% |
Қарақала ауылдық округі | |
1 | 50% |
Майқарағай ауылдық округі | |
1 | 50% |
Малыбай ауылдық округі | |
1 | 50% |
Шақа ауылдық округі | |
1 | 50% |
Шарбақты ауылдық округі | |
1 | 50% |
Ямышев ауылдық округі | |
1 | 50% |