Аққулы ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы

Жаңа

Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 21/3 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 26 мамырда № 7292 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 8-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 510-бабының 1-тармағына сәйкес, Аққулы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Аққулы ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Аққулы ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасының (схемасының) негізінде жер салығының базалық мөлшерлемелерінен жер салығы мөлшерлемелері арттырылсын.

      Ескерту. 2-тармақ 01.01.2022 бастап қолданыcқа енгізіледі - осы шешімнің 4-тармағымен.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының агроөнеркәсіптік кешені, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармақты қоспағанда, оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, Аққулы аудандық
      мәслихатының хатшысы К. Есимов

  Аққулы аудандық
мәслихатының
2021 жылғы 29 сәуірдегі
№ 21/3 шешіміне
1-қосымша

Аққулы ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы
(схемасы)



  Аққулы аудандық
мәслихатының
2021 жылғы 29 сәуірдегі
№ 21/3 шешіміне
2-қосымша

Аққулы ауданының жер салығының мөлшерлемелері

Жердің орналасу аймақтары

Арттыру пайызы

Аққулы ауылдық округі

1

50%

Баймолдин ауылдық округі

1

50%

Жамбыл ауылдық округі

1

50%

Қызылағаш ауылдық округі

1

50%

Қарақала ауылдық округі

1

50%

Майқарағай ауылдық округі

1

50%

Малыбай ауылдық округі

1

50%

Шақа ауылдық округі

1

50%

Шарбақты ауылдық округі

1

50%

Ямышев ауылдық округі

1

50%


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады