Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес, Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Май ауданы әкімдігінің "Май ауданының ұйымдарына мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2016 жылғы 14 қарашадағы № 222/11 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5286 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Май ауданының әкімі | М. Актаев |