Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 17 наурыздағы № 1/191 "Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1693 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміндегі:
реттік нөмірі 1-жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бабақұмаровқа Е.Ж. жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Б. Сагинтаев |