Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы

Жаңартылған

Алматы қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 17 наурыздағы № 1/191 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2021 жылғы 19 наурызда № 1693 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Заңының 21-бабына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі бекітілсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Алматы қаласы Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауды және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Ж. Бабақұмаровқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Сагинтаев

  Алматы қаласының әкімі
2021 жылғы 17 наурыздағы
№ 1/191
Қаулысына 1-қосымша

Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет
ескерткіштерінің Мемлекеттік тізімі

      Ескерту. Мемлекеттік тізімге өзгеріс енгізілді – Алматы қаласы әкімдігінің 09.09.2021 № 3/458 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

 

 
Ескерткіштің атауы

Ескерткіштің түрі

Ескерткіштің орналасқан жері

1

2

3

4

1.

Алынып тасталды – Алматы қаласы әкімдігінің 09.09.2021 № 3/458 қаулысымен.

2.

Қорған
Ерте темір дәуірі

археология

2-Жылу электр орталығынан солтүстікке қарай 3 километр, "Батыс" зиратының аумағында, жолдың сол жағында
(N-4318802, E-07648557)

3.

Қорған
Ерте темір дәуірі

археология

Рысқұлов даңғылы, 51 а, Лобачевский көшесінің қиылысы, "Алматыгорсвет" акционерлік қоғамының аумағында
(N-4317556, E-07655515)

4.

Қорған (қалдықтар)
Ерте темір дәуірі

археология

Рахманинов көшесі, 83, Қарасай батыр көшесінің бұрышы
(N-431486,9, E-0765292,0)

5.

Қорған (қалдықтар)
Ерте темір дәуірі

археология

Қарасай батыр көшесі, 230, Аносов көшесінің бұрышы
(N-431484,5,
E-0765306,3)

6.

Қорған
Ерте темір дәуірі

археология

Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылыми Академиясының Бас Ботаникалық бағы, Ботаникалық бақ басқармасының оңтүстігіне қарай 600 метр, оранжереядан оңтүстік-батысқа қарай 200 метр, орталық саяжолдың оң жағында(N-431318,7, E-0765446,5)

7.

Қорған қорымы (9)
Ерте темір дәуірі

археология

2-Жылу электр орталығынан шығысқа қарай 1,2 километр, "Батыс" зиратына апаратын жолдың оң жағында, далада
(N-4317936, E-07648868)

8.

Қорған

археология

осы қорған қорымы тізбегінің ең оңтүстігі болып табылады
(43 Т 645882 4784670)

9.

Қорған

археология

№ 1 қорғаннан солтүстік-солтүстік-батысқа 40 метрге қарай орналасқан
(43 Т 645869 4784743)

10.

Қорған

археология

№ 2 қорғаннан солтүстік-солтүстік-батысқа 60 метрге қарай орналасқан
(43 Т 645852 4784840)

11.

Қорған

археология

№3 қорғаннан солтүстік-солтүстік-батысқа 25 метрге қарай орналасқан
(43 Т 645882 4784908)

12.

Бұтақты-2 қонысы
Ерте көшпенділер дәуірі

археология

Бұтақты шатқалының ішінде 7,6 километр, спорт кешенінен 1 километр батысқа қарай (N-431097,77, E-0770488,7)

13.

Қимасар тұрағы
Ерте темір дәуірі

археология

Қимасар шатқалы,
Медеу тау алқабыны (N-430914,9, E-0770561,3)

14.

Бұрынғы Верный обсерваториясының ғимараты, Бредихин астрографы академик Гавриил Адрианович Тиховтың үйі және мұнарасы (қазір -"Алматы қаласы музейлер бірлестігі" Коммуналдық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының филиалы)
1915 жыл

қала құрылысы және сәулет

Сейфуллин даңғылы, 597 А

15.

Бұрынғы Верный телеграфы

қала құрылысы және сәулет

Төлебаев көшесі, 25

16.

Бұрынғы Верный балалар баспанасы
(қазір Алматы музейі)
1892 жыл

қала құрылысы және сәулет

Қабанбай батыр көшесі, 132

17.

Бұрынғы Қоғамдық жиналыс үйі (қазір - Республикалық қуыршақ театры) сәулетшісі белгісіз
1910 жыл

қала құрылысы және сәулет

Пушкин көшесі, 63

18.

Әйелдер гимназиясының бұрынғы ғимараты (қазір - Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің корпусы)
1907 жыл

қала құрылысы және сәулет

Уәлиханов көшесі, 64
(Төле би көшесі, 31)

19.

Қазан Құдай ана шіркеуі
1864 жыл

қала құрылысы және сәулет

Халиулин көшесі, 45-А
Тәтібеков көшесінің бұрышы
(Кіші станица)

20.

Қасиетті-Никольск соборы
1908 жыл

қала құрылысы және сәулет

Байтұрсынов көшесі, 56/5

21.

Ғалым-ағаш өсіруші Эдуард Оттонович Баумның бұрынғы үйі (қазір – "HorecTech" Сауда компаниясы)
1889 жыл

қала құрылысы және сәулет

Амангелді көшесі, 68А

22.

Ғалым, көрнекті Мемлекет қайраткері, профессор Санжар Джафарович Асфендияровтың үйі, (бұрынғы ерлер гимназиясы директорының үйі қазір - Қазақстан Республикасындағы Түрік Елшілігі)
XX ғасырдың басы

қала құрылысы және сәулет

Төле би көшесі, 29

23.

Дәрігер Лев Николаевич Фидлердің бұрынғы үйі (қазір - "Сыртқы саяси зерттеулер институты" Акционерлік қоғамы)
XX ғасырдың басы

қала құрылысы және сәулет

Қалдаяқов көшесі, 52
(Қазыбек би көшесі, 18)

24.

Тұрғын үй (бұрынғы Сапожникованың үйі, балалар үйі директорының қазыналық үйі, қазір - спорт және олимпиада даңқының Республикалық музейі)
XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың басы

қала құрылысы және сәулет

Сейфуллин даңғылы, 551
(Бөгенбай батыр көшесі, 154)

25.

Тұрғын үй (көпес Исхак Габдулвалиевтің бұрынғы үйі, қазір - "Emi Engineering" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) 1909 жыл

қала құрылысы және сәулет

Төлебаев көшесі, 38

26.

Тұрғын үй (көпес Филипповтың бұрынғы үйі, қазір – "Қазқайтажаңарту" Республикалық Мемлекеттік кәсіпорнының Ғылыми-зерттеу және жобалау филиалы)
1901 жыл

қала құрылысы және сәулет

Мақатаев көшесі, 20

27.

Тұрғын үй (бұрынғы Верный қаласының ақсақалы Сеид Ахмет Сейдалиннің үйі, облыстық Мұсылмандар бюросы, бұрынғы Республикалық халық аспаптары музейінің ғимараты, қазір – Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев атындағы Халықаралық Қор)
XIX ғасыр

қала құрылысы және сәулет

Панфилов көшесі, 99

28.

Үй-жай (ағайынды Бреусовтардың тұрғын үйлерінің бірі, қазір – "Казэкология" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимараты)
XX ғасырдың басы

қала құрылысы және сәулет

Әйтеке би көшесі, 27

29.

Байланыс үйі ғимараты (Бас пошта)
1934 жыл

қала құрылысы және сәулет

Бөгенбай батыр көшесі, 134

30.

Мұхтар Әуезов атындағы Мемлекеттік Академиялық драма театрының ғимараты
1980 жыл

қала құрылысы және сәулет

Абай даңғылы, 103

31.

Бұрынғы Республикалық халық бақылау комитетінің ғимараты (қазір – "Heritage Capital" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі)
1938 жыл

қала құрылысы және сәулет

Абылай хан даңғылы, 77

32.

Бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғимараты (қазір – "Нұр-Отан" Халықтық-демократиялық партиясының штаб-пәтері)
1938 жыл

қала құрылысы және сәулет

Абылай хан даңғылы, 79

33.

Бұрынғы Қаржы министрлігі ғимараты (қазір - Алматы қаласы Қаржы басқармасы)
1937 жыл

қала құрылысы және сәулет

Абылай хан даңғылы, 97

34.

Бұрынғы Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясы ғимараты (Саяси-ағарту үйі, қазір - Қазақконцерт)
1955 жыл

қала құрылысы және сәулет

Абылай хан даңғылы, 83

35.

Қазақстан Жазушылар одағының ғимараты
1938 жыл

қала құрылысы және сәулет

Абылай хан даңғылы, 105

36.

Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ғимараты
1954 жыл

қала құрылысы және сәулет

Гоголь көшесі, 114

37.

Қазақ тұтынушылар одағының әкімшілік ғимараты (қазір –әкімшілік ғимарат)
1953 жыл

қала құрылысы және сәулет

Төле би көшесі, 57

38.

Қазақ Мемлекеттік шет тілдері институтының ғимараты (қазір - Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті)
1949 жыл

қала құрылысы және сәулет

Төле би көшесі, 84

39.

Алматы Мемлекеттік медициналық институты ғимараты (қазір – Санжар Джафарович Асфендияров атындығы Қазақ Ұлттық медициналық университеті)
1932, 1939 жылдар

қала құрылысы және сәулет

Төле би көшесі, 94

40.

Бұрынғы Қалалық клиникалық емхана ғимараты (қазір - Қалалық кардиологиялық орталық)
1938 жыл

қала құрылысы және сәулет

Төле би көшесі, 93

41.

Бұрынғы Алматы мақта-мата комбинатының Мәдениет сарайы (қазір – Наталия Сац атындағы Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер орыс театры)
1981 жыл

қала құрылысы және сәулет

Шаляпин көшесі, 22

42.

Алматы-2 теміржол станциясы вокзалының ғимараты
1937 жыл, 1976 жыл

қала құрылысы және сәулет

Абылай хан даңғылы, 1

43.

Қазақ Ауылшаруашылық институтының ғимараты (қазір – Қазақ Ұлттық аграрлық университеті)
1954 жыл

қала құрылысы және сәулет

Абай даңғылы, 8

44.

"Арасан" орталық сауықтыру орталығы
1983 жыл

қала құрылысы және сәулет

Қонаев көшесі, 75

45.

Республикалық оқушылар сарайы
1983 жыл

қала құрылысы және сәулет

Достық даңғылы, 114

46.

Медеу тау алқабынындағы селден қорғау бөгеті
1964 - 1980 жылдар

қала құрылысы және сәулет

Медеу тау алқабыны

47.

Офицерлер үйі
1978 жыл

қала құрылысы және сәулет

Зенков көшесі, 24

48.

Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің Мемлекеттік әдеби-мемориалдық музей кешені
1999 жыл

қала құрылысы және сәулет

Төлебаев көшесі, 125, 129 пәтер.

49.

Неке сарайы ғимараты
1971 жыл

қала құрылысы және сәулет

Абай даңғылы, 101

50.

Орталық стадион
1957 жыл

қала құрылысы және сәулет

Абай даңғылы, 48

51.

Қазақ Мемлекеттік циркі ғимараты
1970 жыл

қала құрылысы және сәулет

Абай даңғылы, 50

52.

"Арман" кинотеатры ғимараты, (қазір – "Арман" киноорталығы)
1968 жыл

қала құрылысы және сәулет

Достық даңғылы, 104

53.

Лермонтов атындағы Академиялық орыс драма театры ғимараты
1969 жыл

қала құрылысы және сәулет

Абай даңғылы 43

54.

Бұрынғы Мәдениет үйі ("Қазақфильм" киностудиясы, қазір - Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармония)
1936 жыл

қала құрылысы және сәулет

Қалдаяқов көшесі, 35

55.

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Академиялық драма театрының бұрынғы ғимараты (қазір – Ғабит Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдерге арналған Мемлекеттік Академиялық қазақ театры)
1962 жыл

қала құрылысы және сәулет

Абылай хан даңғылы, 38

56.

"Қазақстан" қонақ үйі ғимараты
1978 жыл

қала құрылысы және сәулет

Достық даңғылы, 52

57.

"Отырар" қонақ үйі ғимараты
1981 жыл

қала құрылысы және сәулет

Гоголь көшесі, 65

58.

"Алатау" қонақ үйі ғимараты
1975 жыл

қала құрылысы және сәулет

Достық даңғылы, 105

59.

"Алма-Ата" қонақ үйі ғимараты
1967 жыл

қала құрылысы және сәулет

Қабанбай батыр көшесі, 85

60.

Бұрынғы "Иссык" қонақ үйі ғимараты (қазір – "Цептер" фирмасының кеңсесі)
1947 жыл

қала құрылысы және сәулет

Бөгенбай батыр көшесі, 140

61.

"Достық" қонақ үйі ғимараты
1983 жыл

қала құрылысы және сәулет

Құрманғазы көшесі, 36,

62.

"Ғалымдар үйі" тұрғын үйі
1949 жыл

қала құрылысы және сәулет

Жібек жолы даңғылы, 60

63.

Орталық мешіт
1999 жыл

қала құрылысы және сәулет

Пушкин көшесі, 16

64.

Қазақтың шет елдермен достық және мәдени байланыс қоғамының "Достық үйі" ғимараты (қазір - Қазақстан халқы Ассамблеясы)
1972 жыл

қала құрылысы және сәулет

Құрманғазы көшесі, 40

65.

Әуежай (Халықаралық әуе жолдарының әуежайы)
1947 жыл

қала құрылысы және сәулет

Майлин көшесі, 1 "А"

66.

Құрманғазы атындағы Алматы Ұлттық консерваториясының ғимараты
1937 жыл

қала құрылысы және сәулет

Абылай хан даңғылы, 90

67.

Бұрынғы "Қазгеология" ғимараты (қазір – "Қазақстандағы Интернационал Қытайдың Ұлттық мұнай корпорациясы" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі)
1938 жыл

қала құрылысы және сәулет

Назарбаев даңғылы, 110

68.

Малдәрігерлік институтының Хирургия клиникасының ғимараты (қазір –Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің корпусы)
1954 жыл

қала құрылысы және сәулет

Абай даңғылы, 26

69.

Ішкі істер министрлігі Басқармасының ғимараты
1954 жыл

қала құрылысы және сәулет

Қабанбай батыр көшесі, 95

70.

Телевизиялық мұнара
1983 жыл

қала құрылысы және сәулет

Омарова көшесі, 35

71.

"Сайран" автовокзалы
1983 жыл

қала құрылысы және сәулет

Төле би көшесі, 294

72.

Алматы ипподромы
1965 жыл

қала құрылысы және сәулет

Омаров көшесі, 10А

73.

Кеңес Одағының батырлары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың ескерткіші
1997 жыл

монументтік өнер құрылыстары

Астана алаңына қарама-қарсы Төле би көшесінің шаршысында

74.

Абылай ханның ескерткіші
2000 жыл

монументтік өнер құрылыстары

Алматы – 2 станциясы вокзалының алаңы

75.

Ақын Жамбыл Жабаевтың ескерткіші
1996 жыл

монументтік өнер құрылыстары

Достық даңғылы, Жамбыл көшесінің бұрышы, "Три богатыря" тұрғын үй кешенінің алды

76.

Қазақстан Ғылым Академиясының Бірінші президенті, геолог Қаныш Сәтбаевтың ескерткіші
1999 жыл

монументтік өнер құрылыстары

Сәтбаев көшесі, Байтұрсынов көшесінің бұрышы

77.

Орыстың ұлы ақыны Александр Сергеевич Пушкиннің ескерткіші
1999 жыл

монументтік өнер құрылыстары

Шоқан Уәлиханов көшесі, Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясы ғимаратының шығыс жағындағы шаршыда

78.

Украин ақыны мен суретшісі
Тарас Шевченконың ескерткіші
2000 жыл

монументтік өнер құрылыстары

Шевченко көшесі, Достық даңғылының бұрышы

79.

Махатма Гандидің ескерткіші
2003 жыл

монументтік өнер құрылыстары

Жароков көшесі, Жамбыл көшесінің бұрышы (шаршы)

80.

Жазушы Сәбит Мұқановтың ескерткіш-мүсіні
2000 жыл

монументтік өнер құрылыстары

Сәбит Мұқанов көшесі Төле би көшесінің бұрышы

81.

Тоқаш Бокиннің ескеркіші
1980 жыл

монументтік өнер құрылыстары

Қонаев көшесі, Әйтеке би көшесінің бұрышы

82.

Ғани Мұратбаевтың ескерткіші
1985 жыл

монументтік өнер құрылыстары

Достық даңғылы, Сәтбаев көшесінің бұрышы

83.

Дмитрий Фурмановтың ескерткіш-мүсіні 1967 жыл

монументтік өнер құрылыстары

"Сары-Арқа" кинотеатрының шаршысында

84.

Ораз Жандосовтың ескерткіші
1969 жыл

монументтік өнер құрылыстары

Жандосов көшесі Гагарин даңғылының бұрышы

85.

Иван Панфиловтың ескерткіші
1968 жыл

монументтік өнер құрылыстары

Достық даңғылы,
Қазыбек би көшесінің
бұрышы

86.

Мұхтар Әуезовтің ескерткіш-мүсіні
1967 жыл

монументтік өнер құрылыстары

Қабанбай батыр көшесі (Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының шаршысы)

87.

Жамбыл Жабаевтың ескерткіш-мүсіні
1971 жыл

монументтік өнер құрылыстары

Қабанбай батыр көшесі (Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық Опера және Балет театрының шаршысы)

88.

Композитор Мұқан Төлебаевтың ескерткіші
2002 жыл

монументтік өнер құрылыстары

Төлебаев көшесі, Абай даңғылының бұрышы

89.

Ақын Мұқағали Мақатаевтың ескерткіші
2002 жыл

монументтік өнер құрылыстары

Желтоқсан көшесі, Мақатаев көшелерінің бұрышы

90.

Жазушы Ғабит Мүсіреповтің ескерткіші
2002 жыл

монументтік өнер құрылыстары

Абылай хан даңғылы, Ғабит Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдерге арналған Мемлекеттік Академиялық қазақ театрының алды

91.

Қазақстанның Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің ескерткіші
2004 жыл

монументтік өнер құрылыстары

Сәтбаев көшесі, Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің алды

92.

Жазушы Сабыр Шәріповтің ескерткіш-мүсіні
1980 жыл

монументтік өнер құрылыстары

Қарасай батыр көшесі, Сейфуллин даңғылының бұрышы

93.

"Ауғанстан мен әлемнің басқа жерлеріндегі қақтығыстарда қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерге" ескерткіш
2003 жыл

монументтік өнер құрылыстары

28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ

94.

Әнші Күләш Байсейітованың (1912-1957) зират басындағы ескерткіші
1960 жыл

монументтік өнер құрылыстары

Райымбек даңғылы, Орталық зират

95.

Композитор Мұқан Төлебаевтың (1913-1960) зират басындағы ескерткіші
1962 жыл

монументтік өнер құрылыстары

Райымбек даңғылы, Орталық зират

96.

Жазушы, қазақ кеңес әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтің (1897-1961) зират басындағы ескерткіші
1964 жыл

монументтік өнер құрылыстары

Райымбек даңғылы, Орталық зират

97.

Қазақстан Ғылым Академиясының бірінші президенті, геолог Қаныш Сәтбаевтың (1899-1964) зират басындағы ескерткіші
1968 жыл

монументтік өнер құрылыстары

Райымбек даңғылы, Орталық зират

98.

Саяси қайраткер Жұмабай Шаяхметовтің (1900-1966) зират басындағы ескерткіші
1970 жыл

монументтік өнер құрылыстары

Райымбек даңғылы, Орталық зират

99.

Әртіс Қалибек Қуанышбаевтың (1893-1968) зират басындағы ескерткіші
1972 жыл

монументтік өнер құрылыстары

Райымбек даңғылы, Орталық зират

100.

Әртіс, режиссер Шәкен Аймановтың (1914-1970) зират басындағы ескерткіші
1974 жыл

монументтік өнер құрылыстары

Райымбек даңғылы, Орталық зират

101.

Композитор Ахмет Жұбановтың (1906-1968) зират басындағы ескерткіші
1980 жыл

монументтік өнер құрылыстары

Райымбек даңғылы, Орталық зират

102.

Ақын Иса Байзақовтың зират басындағы ескерткіші
(1900-1946)
1980 жыл

монументтік өнер құрылыстары

Райымбек даңғылы, Орталық зират

103.

Қазақстанның Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің (1904-1973) зират басындағы ескерткіші
1980 жыл

монументтік өнер құрылыстары

"Кеңсай-1" зираты

104.

Жазушы Сәбит Мұқановтың (1900-1973) зират басындағы ескерткіші
1980 жыл

монументтік өнер құрылыстары

"Кеңсай-1" зираты

105.

Боралдай обалар некрополі (қорымы) біздің дәуірімізге дейін IV-II ғасырлар. Ерте көшпенділер дәуірі

қасиетті нысандар

Боралдай шағын ауданының оңтүстігі, Үлкен Алматы өзенінің сол жағалауы
(N-432015,5, E-0765207,3)

106.

Батыр Райымбек Хангелдіұлының бейіті (XVIII ғасыр)
2005 жыл

қасиетті нысандар

Райымбек даңғылы, Орталық зираттың кіре берісіне қарама-қарсы

107.

Бұрынғы Әскери қамал (қазір – "Тазалық" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі)
1854 жыл

ансамбльдер және кешендер

Черкасская оборона көшесі, 69 А (Куратов, Тәтібеков, Жетісу, Станиславский көшелері), Кіші Алматы өзенінің сол жағалауы

108.

"Алатау" шипажай кешені
1986 жыл

ансамбльдер және кешендер

"Таусамалы" шағын ауданы, 50 А үйі

109.

Тәуелсіздік монументі
1996 жыл

ансамбльдер және кешендер

Республика алаңы

110.

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіш
1970 жыл

ансамбльдер және кешендер

Райымбек даңғылы, Орталық зират

111.

"Көрнекті қайраткерлер саяжолы"
Мемориалдық кешені
1987 жыл

ансамбльдер және кешендер

Үкімет үйінің солтүстік жағындағы шаршы (Қазақ-Британ техникалық университеті)

112.

Медицина институтының бұрынғы жатақханасы
1938-1939 жылдар

қала құрылысы және сәулет

Шевченко көшесі, 118

113.

Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтының ғимараты (бұрынғы партия мектебінің ғимараты)

қала құрылысы және сәулет

Абай даңғылы, 2

114.

Аппараттық-студиялық кешені
1983 жыл

қала құрылысы және сәулет

Желтоқсан көшесі, 185

115.

Өмірбек Арысланұлы Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы
1998 жыл

қала құрылысы және сәулет

Әл-Фараби даңғылы, 71/24

116.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағындағы кіру тобы және монументалдық ансамблі
2010 жыл, 2011 жыл

қала құрылысы және сәулет

Дулати даңғылы, Әл-Фараби даңғылының бұрышы

117.

"Алматы Арена" мұз сарайы
2016 жыл

қала құрылысы және сәулет

"Нұркент" шағын ауданы, 7

118.

Әбілхан Қастеевтің музей – үйі
1955 жыл

қала құрылысы және сәулет

Бекхожин көшесі, 6А

119.

Бұрынғы Түрксіб ауруханасының ғимараты
1950 жыл

қала құрылысы және сәулет

Масанчи/Құрманғазы/Амангелді көшелері, 92/98/71 (Абай даңғылы, 69)

120.

"Тәуелсіздік Таңы" монументі
2006 жыл

монументтік өнер құрылыстары

Желтоқсан көшесі, Сәтбаев көшесінің бұрышы

121.

Қазақтың композиторы, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің ескерткіші
2011 жыл

монументтік өнер құрылыстары

Назарбаев даңғылы, Жолдасбеков көшесінің бұрышы

122.

Академик Әлкей Марғұланның ескерткіші
2010 жыл

монументтік өнер құрылыстары

Қазақстан Ғылым академиясы ғимаратының батысы, Қонаев көшесі, Шевченко көшесінің бұрышы

123.

Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының ескерткіші
2010 жыл

монументтік өнер құрылыстары

Гоголь көшесі, Пушкин көшесінің бұрышы, 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ

124.

Қазақтың Халық ақыны, композитор Кенен Әзірбаевтың ескерткіші
2013 жыл

монументтік өнер құрылыстары

Ескендіров көшесі, Әзірбаев көшесінің бұрышы

125.

Қазақтың халық ақыны Сүйінбай Аронұлының ескерткіші
2015 жыл

монументтік өнер құрылыстары

Төле би көшесі, Қалдаяқов көшесінің бұрышы, Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясы ғимаратының алды

126.

Еңбек сіңірген сәулетші Малбағар Мендіқұловтың ескерткіші
2015 жыл

монументтік өнер құрылыстары

Меңдіқұлов бульвары, Әл-Фараби даңғылының бұрышы

127.

Белгілі жазушы Әди Шәріповтің ескерткіші
2015жыл

монументтік өнер құрылыстары

Бөгенбай батыр көшесі, Шәріпов көшесінің бұрышы

128.

Батыр Райымбек Хангелдіұлының ескеркіші
2012 ж

монументтік өнер құрылыстары

Райымбек даңғылы, Пушкин көшесінің бұрышы

129.

Қытай Халық Республикасының Халық композиторы Си Синхайдың ескерткіші
1999 жыл

монументтік өнер құрылыстары

Гагарин даңғылы, Си Синхай көшесінің бұрышы


  Алматы қаласының әкімі
2021 жылғы 17 наурыздағы
№ 1/191
Қаулысына 2-қосымша

Алматы қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір
қаулыларының тізбесі

      1. "Алматы қаласының жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы" Алматы қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 10 қарашадағы № 4/840 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 864 болып тіркелген, 2010 жылғы 25 желтоқсанда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған);

      2. "Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін мәртебесінен айыру және оларды жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарып тастау туралы" Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 1/12 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1125 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 ақпанда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған);

      3. "Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы" 2010 жылғы 10 қарашадағы № 4/840 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 1/122 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1149 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 наурызда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған);

      4. "Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін мәртебесінен айыру және оларды жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарып тастау туралы" Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 2/278 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1165 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 мамырда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған);

      5. "Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласының жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы" 2010 жылғы 10 қарашадағы № 4/840 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 1/173 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1530 болып тіркелген, 2019 жылғы 30 наурызда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады