"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының 7-4) тармақшасына және 62-бабының 6-2 тармағына сәйкес, Алматы қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Алматы қаласының 2021 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бекiтiлсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары Е.Ж. Бабақұмаровқа жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Алматы қаласының әкімі | Б. Сагинтаев |
Алматы қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 9 қарашадағы № 4/567 қаулысына қосымша |
Алматы қаласының 2021 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері
шегінде балаларға қосымша бiлiм беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы
р/с | Қосымша білім беру бағыттарының түрлері | Білім алушылардың және (немесе) тәрбиеленушілердің саны | Айына бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге |
1 | Туристік-өлкетану | 300 | 15 995 |
2 | Экологиялық-биологиялық | 400 | 15 995 |
3 | Ғылыми-техникалық | 900 | 15 995 |
4 | Әлеуметтік-экономикалық | 900 | 15 995 |
5 | Көркем-эстетикалық | 900 | 15 995 |
6 | Дене шынықтыру-спорттық | 900 | 15 995 |
7 | Музыкалық-аспаптық (мамандандырылған) | 600 | 36 518 |
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға | |||
8 | Көркем-эстетикалық | 25 | 69 362 |
9 | Дене шынықтыру-спорттық | 50 | 69 362 |
10 | Музыкалық-аспаптық (мамандандырылған) | 25 | 69 362 |
Жиыны | 5 000 | - |