Алматы қаласының 2021 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша бiлiм беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекiту туралы

Мерзімі біткен

Алматы қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 9 қарашадағы № 4/567 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 қарашада № 25086 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының 7-4) тармақшасына және 62-бабының 6-2 тармағына сәйкес, Алматы қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Алматы қаласының 2021 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары Е.Ж. Бабақұмаровқа жүктелсiн.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Сагинтаев

  Алматы қаласы әкімдігінің
2021 жылғы 9 қарашадағы
№ 4/567 қаулысына
қосымша

Алматы қаласының 2021 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері
шегінде балаларға қосымша бiлiм беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы

р/с

Қосымша білім беру бағыттарының түрлері

Білім алушылардың және (немесе) тәрбиеленушілердің саны

Айына бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге

1

Туристік-өлкетану

300

15 995

2

Экологиялық-биологиялық

400

15 995

3

Ғылыми-техникалық

900

15 995

4

Әлеуметтік-экономикалық

900

15 995

5

Көркем-эстетикалық

900

15 995

6

Дене шынықтыру-спорттық

900

15 995

7

Музыкалық-аспаптық (мамандандырылған)

600

36 518

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға

8

Көркем-эстетикалық

25

69 362

9

Дене шынықтыру-спорттық

50

69 362

10

Музыкалық-аспаптық (мамандандырылған)

25

69 362


Жиыны

5 000

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады