Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына сәйкес, Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің 2017 жылғы 06 маусымдағы "Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлік беру қағидасын және оның сипаттамасын бекіту туралы" № 05 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 05 шілдеде № 1387 болып тіркелген, "Алматы ақшамы" газетінің 2017 жылғы 13 шілдедегі № 81 (5430) және "Вечерний Алматы" газетінің 2017 жылғы 13 шілдедегі № 81 (13237) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен ресми мерзімді баспасөз басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және Жетісу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жетісу ауданы әкімінің аппарат басшысы Д. Шайтұрсынға жүктелсін.
4. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жетісу ауданының әкімі | Г. Кокобаева |