Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 13.06.2024 № 167 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 57 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6094 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | К. Аксакалов |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
әкімдігінің | |
2021 жылғы 27 шілдедегі | |
№ 148 қаулысына | |
қосымша | |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
әкімдігінің | |
2020 жылғы "13" наурыздағы | |
№ 57 қаулысына | |
қосымша |
Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі
Ауылшаруашылық өнімнің атауы | Тереңдете өңделген өнімдердің атауы | Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативі, теңге/ килограмм |
Шикі сүт | Сары май | 39,3 |
Шикі сүт | Қатты ірімшік | 14,0 |
Шикі сүт | Құрғақ сүт (майы алынбаған, майы алынған) | 11,2 |
Бидай | Бидайдың құрғақ дән маңызы (бидай глютені) | 8,97 |