Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Сот шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының коммуналдық меншігіне түсті деп танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2017 жылғы 17 қарашадағы № 15-6 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4387 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының хатшысы | Е. Жакенов |