Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2017 жылғы 17 қарашадағы № 15-6 "Сот шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының коммуналдық меншігіне түсті деп танылған иесіз қалдықтарды асқару қағидаларын бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2021 жылғы 7 шілдедегі № 4-2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 16 шілдеде № 23570 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Сот шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының коммуналдық меншігіне түсті деп танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2017 жылғы 17 қарашадағы № 15-6 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4387 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

       2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының хатшысы Е. Жакенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады