Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Занының 10-1 бабы 8) тармақшасына сәйкес, Аққайың ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 08-02/947 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Аралағаш ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Аралағаш ауылдық округі Аралағаш ауылының аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының ошағын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралардың кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Аралағаш ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2020 жылғы 20 шілдедегі № 6 шешімінің (2020 жылғы 24 шілдедегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6462 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Аралағаш ауылдық округінің әкімі |
Б. Садвакасов |