Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Аралағаш ауылдық округі әкімінің 18.06.2021 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылығы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35–бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңы 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Аққайың ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 25 ақпанынан № 08-07/118 ұсынысы негізінде Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Аралағаш ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Аралағаш ауылдық округінің Амангелді ауылы аумағында жылқы арасында ринопневмония ауруына шалдыққан малдар анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Аралағаш ауылдық округінің әкімі |
Б. Садвакасов |