"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес және Аққайың ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 08-02/273 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Аралағаш ауылдық округі Амангелді ауылының аумағында белгіленген жылқы ринопневмониясы ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Аралағаш ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 9 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7201 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аралағаш ауылдық округінің әкімі | Б. Садвакасов |