"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Аққайың ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндеттін атқарушысының 2021 жылғы 8 қазандағы № 08-02/341 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Тоқшын ауылдық округі Камышлово ауылының аумағында ірі қара малдың брюцеллез ауруының жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Тоқшын ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 2 тамыздағы "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 12 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мамлекеттік тіркеу тізілімде № 23914 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Тоқшын ауылдық округінің әкімі |
Б. Имантаев |