Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің 2021 жылғы 2 тамыздағы № 12 шешімі. Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 тамызда № 23914 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Тоқшын ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 22 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Тоқшын ауылдық округі әкімінің 22.11.2021 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 – бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңы 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Аққайың ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2021 жылғы 01 шілдедегі №08-02/529 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Тоқшын ауылдық округі Камышлово ауылы аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы
Тоқшын ауылдық округінің әкімі
Б. Имантаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады