Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | К. Калиев |
2021 жылғы 5 тамыздағы | |
№ 155 қаулысына | |
қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің кейбір күші жойылған қаулыларының тізбесі
1. "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 24 сәуірдегі № 41 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4709 болып тіркелген).
2. "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 103 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5369 болып тіркелген).
3. "Мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 27 ақпандағы № 35 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6052 болып тіркелген).
4. "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 26 ақпандағы № 36 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6053 болып тіркелген).