Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 11-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 21 маусымдағы № 173 мен Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 21 маусымдағы № 34/7 "Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының ауылдық елді мекендерінің жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы" 2017 жылғы 11 тамыздағы № 17/4 шешіміне (2017 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4305 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
реттік нөмірі 15-жол алып тасталсын;
реттік нөмірі 40-жол алып тасталсын;
реттік нөмірі 63-жол алып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтістүк Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы |
И. Зенченко |
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының хатшысы |
Ж. Елеусизов |