"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабы 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Айыртау, Есіл, Қызылжар, Тимирязев және Мағжан Жұмабаев аудандарының өкілді және атқарушы органдарының пікірлерін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау, Есіл, Қызылжар, Тимирязев және Мағжан Жұмабаев аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1) Айыртау ауданы бойынша:
Володар ауылдық округінің Қопа ауылы таратылсын, оның аумағы Володар ауылдық округінің Орловка ауылының құрамына қосылсын;
Айыртау ауданы Нижнебурлук ауылдық округінің Алтын-бұлақ ауылы таратылсын, оның аумағы Нижнебурлук ауылдық округінің Нижний-Бурлук ауылының құрамына қосылсын;
2) Есіл ауданы бойынша:
Заречный ауылдық округінің Жаңалық ауылы және Заречный ауылдық округінің Орталық ауылы таратылсын, олардың аумағы Заречный ауылдық округінің Чириковка ауылының құрамына қосылсын;
Торанғұл ауылдық округінің Иверск ауылы таратылсын, оның аумағы Торанғұл ауылдық округінің Торанғұл ауылының құрамына қосылсын;
3) Қызылжар ауданы бойынша:
Светлопольск ауылдық округінің Янцено ауылы таратылсын, оның аумағы Светлопольск ауылдық округінің Знаменское ауылының құрамына қосылсын;
Бугровое ауылдық округінің Николаевка ауылы таратылсын, оның аумағы Бугровое ауылдық округінің Новогеоргиевка ауылының құрамына қосылсын;
Налобино ауылдық округінің Лебедки ауылы таратылсын, оның аумағы Налобино ауылдық округінің Налобино ауылының құрамына қосылсын;
4) Тимирязев ауданы бойынша:
Белоградов ауылдық округінің Ақсу ауылы таратылсын, оның аумағы Белоградов ауылдық округінің Белоградов ауылының құрамына қосылсын;
Есіл ауылдық округінің Нарынгүл ауылы таратылсын, оның аумағы Есіл ауылдық округінің Есіл ауылының құрамына қосылсын;
5) Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша:
Конюхов ауылдық округінің Барашки ауылы таратылсын, оның аумағы Конюхов ауылдық округінің Конюхов ауылының құрамына қосылсын;
Лебяжье ауылдық округінің Круглое ауылы таратылсын, оның аумағы Лебяжье ауылдық округі Лебяжье ауылының құрамына қосылсын;
Полудин ауылдық округінің Скворцовка ауылы таратылсын, оның аумағы Полудин ауылдық округі Полудин ауылының құрамына қосылсын;
Чистов ауылдық округінің Тельман ауылы Чистов ауылдық округінің Пролетарка ауылының құрамына қосылсын;
2. Солтүстік Қазақстан облысының облыстық және аудандық атқарушы органдары облыстың және ауданның әкімшілік-аумақтық бірліктерінің есептік деректеріне тиісті өзгерістер енгізсін.
3. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" және "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тіліндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiне қосу үшін жіберуді;
3) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімін ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімінің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына және облыстық мәслихат аппаратының басшысына жүктелсін.
5. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.