Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қызылжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 23 қыркүйектегі № 01-11/251 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Асаново ауылдық округі Плоское ауылының аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Асаново ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 2 шілдедегі "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23402 болып тіркелген) № 20 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Асаново ауылдық округінің әкімі |
С. Казеев |