Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Асаново ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 2 шілдедегі № 20 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 шілдеде № 23402 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Асаново ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 1 қазандағы № 36 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Асаново ауылдық округі әкімінің 01.10.2021 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, Қызылжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 7 маусымдағы № 10-11/177 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Асаново ауылдық округі Плоское ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы
Асаново ауылдық округінің әкімі
С. Казеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады