Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қызылжар ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2021 жылғы 15 маусымдағы № 01-11/185 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Березов ауылдық округінің Гончаровка ауылында орналасқан "Гончаровка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылқы фермасы аумағында орнатылған шектеу іс-шаралары жылқыларда ринопневмония ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты тоқтатылсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Березов ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 9 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7359 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Березов ауылдық округінің әкімі | А. Дауренбеков |